ҚОРДАЙДА ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0

Жамбыл облысының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының ғимаратында өткен басқосуға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров және өзге облыстық құқық қорғау департаменттерінің және салалық басқарма басшылары қатысты.

Жиында мемлекеттік шекарамен байланысты жүйелі құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары мен жиынтық жоспардың орындалуы туралы жан-жақты қаралды.

Облыс прокурорының бірінші орынбасары Н.Ұласбекұлы, Шекара қызметінің облыс бойынша департаментінің бастығы Ғ. Бекмұрзаев, мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Б. Жамалбеков және тағы басқалар баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар мен көрсеткіштерге тоқталды.

Өз кезегінде облыс әкімі де кез-келген елдің дамуының, алға қарай өркендеуінің негізі – тыныштық, бейбіт тіршілік екенін атап өтіп, шекаралы аймақ саналатын облысымызда Шекара қызметінің күшті дайындығы мен жүйелі жұмысын қамтамасыз етуде олардың жайлы, заманауи ғимаратта, жаңа техникаларды пайдалана отырып, жұмыс істеуінің маңыздылығын баса айтты.

Жиында мемлекеттік шекара мәселелеріне қатысты бірқатар жағдайлар талқыланды.

Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысымен жауаптыларға нақты міндеттер жүктелді.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.