Қордайда интенсивті алма шаруашылығы қарқынды дамуда

0

Қордайда интенсивті алма шаруашылығы қарқынды дамуда

Қордай өңірінде қарқынды дамып келе жатқан ауыл шаруашылығының жарқын үлгісі – Қарасай ауылдық округіндегі «Азия Сад» ЖШС интенсивті алма бағы. Аумағы 110 гектарды құрайтын бақта бүгінде «Голден Делишес», «Ред Делишес», «Гала» және «Фуджи» сынды алманың сұрыптары өсірілуде.

Заманауи агротехнологияларды тиімді пайдалану нәтижесінде серіктестік жыл сайын 2500–3000 тоннаға дейін өнім алып, ішкі нарықты сапалы жеміспен қамтамасыз етуде. Италиядан әкелінген көшеттер жергілікті климатқа бейімделіп, мол өнім беріп отыр. Интенсивті бақта тамшылатып суару, шпалерлік жүйе, арнайы қорғаныш торлары мен автоматтандырылған күтім тәсілдері қолданылған.

Шаруашылық тек өнім өндірумен шектелмей, ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып келеді. Науқан кезінде 200-ге дейін адам еңбек етсе, жыл бойы 30-ға жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда заманауи қойма құрылысы жүргізілуде. Бұл өнімді ұзақ мерзімге сапалы сақтауға мүмкіндік береді.

✅ «Азия Сад» – ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеріп, өңір экономикасының дамуына серпін беріп отырған ірі жобалардың бірі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.