ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ Тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

0

ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ

Тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

Биыл Ұлы Жеңістің 81 жылдығы. Бұл мереке, әр адамның жүрегінде ерекше орын алатын, мәңгі ұмытылмайтын тарихымыздың бір бөлігі. Соғыс жылдарында еліміз ауыр сынақтарды басынан өткерді. Сан мыңдаған батырлар, тыл еңбеккерлері, аналар біздің бейбітшілігіміз үшін күресіп, жанын пида етті.

Бүгінде сол зұлматты заманның куәгерлері арамызда әлі де бар. Олардың есімдері, істері мен естеліктері – ұрпақтар есінде мәңгі қала бермек.

Ұлы Жеңістің қарсаңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет және аналар алқасының төрайымы Роза Қағазбай тылда аянбай еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында, тыл еңбеккерлері 90 жастағы «Алтын алқа» иегері Алтынкүл Рысдәулетова, 103 жастағы кейуана Елизавета Елатонцева, сондай-ақ концлагерь тұтқыны болған Мария Зыкованың шаңырақтарына барып, оларды мерекемен құттықтап, сыйлық себеттерін табыстады.

Бұл кездесулер — тек сыйлықтарына ғана емес, сонымен қатар, ардагерлермен өткізілген уақыттың, әңгімелердің, өткен күндердің маңыздылығына да толы болды. Алтынкүл Рысдәулетова соғыс кезінде тылда еңбек етіп, ауыр жұмысқа атсалысқанын айтып, жастарға үлгі. Ал Елизавета Елатонцева мен Мария Зыкованың өткен замандардағы қатыгездікпен ауыртпашылықтарға қарамастан, мызғымас күшпен өмір сүруі – нағыз батылдықтың көрінісі.
Ұлы Жеңіс – бүгінгі тыныштықтың, бейбітшіліктің, бақ-берекенің кепілі. Сол себепті де, біз ардагерлерімізді әрдайым құрметтеп, олардың майдан мен тылдағы еңбегін ұмытпауымыз қажет.
#кордай

Leave A Reply

Your email address will not be published.