ҚОРДАЙДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

0

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауданымыздың мәдениет және өнер қызметкерлері бас қосты. Аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай төрағалық еткен жиналыста өткен жылдың қорытындысы шығарылып, алдағы жоспарлар жайлы әңгіме қозғалды.

Дамира Маратқызы қатысушыларды Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесімен құттықтап, бірқатар сала қызметкерлеріне сіңірген еңбегі үшін награда – аудан әкімінің Құрмет грамоталарын табыс етті.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қоғамдық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуына ұдайы көңіл бөліп келеді. Халықтың рухани байлығы мен ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтай отырып, ұлттық сана мен елге деген мақтаныш сезімін нығайта түсудегі еңбектеріңіз шын мәнінде баға жеткісіз», — деді аудан әкімінің орынбасары.

Келесі кезекте кәсіби мерекеге орай аудандық мәслихат төрағасының атынан марапаттар табыс етілді.

Жиында аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Балпұқова сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстар туралы жан-жақты баяндады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.