Референдум учаскелеріне келген әрбір қордайлық бүгін учаске алдында ұйымдастырылған азық-түлік жәрмеңкесі мен ұлттық ойындардың куәсі болды. Әрине, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын концерттік бағдарламаны аудан өнерпаздары көпшілікке ұсынды. Осындай игі шара аудандық Мәдениет үйі алдында ұйымдастырылды.
Қариялар асық атып, әжелер тоғызқұмалақ ойынына қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Бұл қызықты сайыстар дауыс беруге келген тұрғындардың зор ықыласына бөленді.
Айта кетерлігі, осы күні Қордай ауданы бойынша барлық референдум учаскелерінде осындай мәдени шаралар өткізіліп, тұрғындардың белсенділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.