♻️ҚОРДАЙДА САНИТАРЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қордай ауылдық округінде санитарлық жағдайды жақсарту және тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында арнайы өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Мердігер мекеме тарапынан дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау шаралары атқарылды. Бұл жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, зиянкестердің таралуының алдын алу және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған.
ҚОРДАЙДА САНИТАРЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Next Post