Қордайлық ардагерлер спортта белсенді

0

17 сәуір күні Жамбыл облысының 85 жылдығы, Ұлы Жеңістің 79 жылдығына және Ардагерлер ұйымының құрылғанына 37 жыл толуына орай аудандық Ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен ардагерлер  арасында  дәстүрді аудандық спартакиада өтті. Аудан әкімдігінің спорт бөлімінің қолдауымен өткен спорт додасына аудан бойынша барлық ауылдық округтің ардагерлері  қатысты. Салауатты өмір салтын ұрандатқан қариялар  спорттың 10 түрінен, атап айтқанда – шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, асық ату, бильярд, дартс, теннис,  ләңгі, қол күрес және волейболдан өзара сынға түсті.

 

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған  «AMANAT» партиясының төрағасы Бейқұт Жамангозов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет және аудан әкімдігінің спорт бөлімінің басшысы Ғалым Әлімжанов жүрекжарды игі тілектерін жеткізіп, спортшыларға сәттілік тіледі. Ал спорт ардагері Нұрғали Өмірзақов турнирге қатысушыларды құттықтай келе, батасын берді.

Спортта белсенді ардагерлер арасында өткен жарыстың қорытындысы бойынша;

Дойбыдан ерлер арасында  1-орын Ермекбайұлы Жәнібек (Жамбыл),  2-орын Туркменов Қырықбай (Қордай), 3-орын Сембиев Жанарбек (Отар),  әйелдер арасында 1-орын Молдажанова Алтынкүл (Ауқатты), 2-орын Ауелбекова Күлжахан (Кенен ), 3-орын Ерменова Салима  (Масаншы) иеленді.

Шахматтан ерлер арасында 1-орын Исаев Төлеген (Отар),  2-орын Мухарме Маджин (Масанчи), 3-орын Байсугуров Алтынбек (Жамбыл), әйелдер арасында 1-орын Сатова Роза (Қордай), 2-орын Кененбаева Жанна (Кенен ), 3-орын Қабылбекова Қарлығаш  (Ауқатты) иеленді.

Бильярдтан 1-орын Оралбаев Серікбай (Ноғайбай), 2-орын  Естемесов Жапарқұл (Қордай), 3-орынды Щимаров Магомед (Масаншы) иеленді.

Ләңгіден  1-орынға Қожамқұлов Арғын (Қақпатас), 2-орынға Иманғазиев Шамиль (Ноғайбай), 3-орынға Әбдиев Кұлжан (Сарыбұлақ) жайғасты.

Үстел теннисінен  ерлер арасында 1-орын Бейшанло Эрсмане (Масаншы), 2-орын Жетігенов Құрманғазы (Еңбек), 3-орын Диктярев Анатолий (Қордай). Әйел арасынан, 1-орын Джолдыбаева Раушан (Отар), 2-орын Морозова Надежда, 3-орын Долговязова Галина (Масаншы) иеленді.

Тоғызқұмалақтан ерлер арасынан, 1-орын Арзыханов Жұман (Қордай), 2-орын Мусаханов Тұрсынбай (Кенен), 3-орын Амиров Сарсехан (Бетқайнар), әйелдер арасында 1-орын Дауткулова Кульзағира  (Қордай), 2-орын Айтқұлова Гульнар (Жамбыл), 3-орын – Косшеғұлова Анар (Масанчи) иеленді.

Дартстан ер арасында 1-орынды Құрманов Әскербек (Қарасу), 2-орын Әбдіматов Жайсанбек (Әлжан ана), 3-орын Кеженбаев Қали (Бетқайнар), әйелдер арасынан 1-орын Алмежанова Мырзакүл (Қақпатас), 2-орын Монтанаева Күлсара  (Кенен), 3-орынды Макашова Орал  (Қордай) жеңіп алды.

Асық атудан 1-орынды Сайбиров Қайрат (Бетқайнар), 2-орын Нашралиев Сембай (Алға), 3-орынды Жалғасбаев Зарлық (Қарасай) қанжығасына байлады.

Қол күресінен 1-орынды Агачиев Гафар (Қайнар), 2-орынды Шолпанқұлов Дәукен (Кенен), 3-орынды Топчаков Жұманбай (Бетқайнар) иеленді.

Волейболдан 1-орынды Масаншы, 2-орынды Қордай, 3-орынды Сортөбе командасы жеңіп алды. Ал жалпы командалық есепте Қордай ауылы өзгелерден оқ бойы оза шығып, жүлделі 1-орынды иеленді. 2-орынға Масаншы ауылы, 3-орынға Қақпатас ауылы жайғасты.

Барлық ойыншылар медаль, диплом және сыйлықтармен марапатталды. Қордай аудандық ардагерлер ұйымы барлық қатысушыларға және қаржылай көмектескен демеушілерге алғыс  білдіреді.

Б.Әлімбет, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.