ҚОРДАЙЛЫҚ АРУЛАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

0

5 наурыз күні Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен, сондай-ақ облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өңірдің мемлекеттік әйел қызметшілері арасында спартакиада өтті.

Спартакиада бағдарламасына сәйкес, жарыста жүзу, үстел теннисі, бесасық, дартс, секірмек, жеңіл атлетика, дойбы, сондай-ақ армрестлинг сияқты спорт түрлері болды.  Жарыстың мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру және дене белсенділігін ынталандыру болды. Аталмыш облыстық додада қордайлық мемлекеттік қызметші әйелдер үздік нәтиже көрсетті.

Осы салтанатты іс-шара күні, жүгіру бойынша Айжан Қазығұлова жүлделі бірінші орынға қол жеткізді. Ал, дартс бойынша өз санатында Шынар Джайлямышева үздік нәтиже көрсете отырып бірінші орынға ие болса, Валентина Махоткина жүлделі үшінші орыннан көрінді. Сондай-ақ, өз санаты бойныша әйелдер арасында дойбы сайысында жақсы нәтиже көрсеткен Айгерім Қылышбекова екінші орын иеленді.

Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.