Өткен аптада Өзбекстан Республикасының Навои қаласында 12-17 жас аралығындағы жасөспірім, юниор, кадеттер мен қыздар арасында каратэ-до кёкушинкайдан Азия кубогі сарапқа салынды. Оған Иран, Түркменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан сынды Азияның алты республикасы қатысты.
Қазақстан құрамасына Алматы, Талдықорған қаласының мықтылары, сонымен қатар Жамбыл облысының Қордай ауданынан 3 спортшы қатысты. Әртүрлі салмақтық дәрежеде шыққан спортшылардың алдына жеңімпаз атану міндеті қойылды. Навои қаласындағы «Согдиана» спорт сарайында екі күн бойы тартысты жекпе-жектер өтті. Бірінші күн қордайлықтар үшін сәтті болды. Үш спортшымыз әрқайсысы екі жекпе-жекке қатысып, жарыстың жартылай финалына шықты. Екінші күні де осылай екі жекпе-жектен өткізіп, финалға шығып, нәтижесі бойынша чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды.
«Жарысқа жақсы дайындалдық, жаттығулар барысында озыңқы әдістермен жылдамдықты пысықтадық. Халықаралық ашық турнирде балалар жақсы нәтиже көрсетіп, чемпион атанды. Демек, тактикалық тұрғыдан таңдау дұрыс жасалды», — дейді Жамбыл облысы бойынша «Кекушинкай каратэ-до»федерациясының вице-президенті және бас жаттықтырушысы, қара белбеу 3-ші дан иегері, ҚР спорт шебері, ҚР жоғары санатты ұлттық төрешісі Рамазан Маженов.
Нәтижесінде бірінші орынды Ганиев Хаким мен Есенгелді Диас иеленсе, Лаахунов Равиль финалда Қырғызстаннан келген спортшыға жол беріп, екінші орынға жайғасты.
Азия Кубогының нәтижесі бойынша спортшылар тамаша техниканы көрсете білді. Күш, ерік пен жеңіске ұмтылу қордайлықтарға спорт алаңшасында үлкен жетістіктерге жетуге қолғабыс етті.
ҚОРДАЙЛЫҚ КАРАТЕШІЛЕР ЖЕҢІС ЖОЛЫНДА
Next Post