ҚОРДАЙЛЫҚТАР ДА ЖЕҢІМПАЗДАР ҚАТАРЫНДА

0

«Ұлы дала жорығы» бәйге марафоны 5-19 қыркүйек аралығында Елордадан Түркістан қаласына дейін 1300 шақырымнан аса қашықтықты басып өтті.

Марафон 14 сатыға бөлінген болатын. Еліміздің 19 өңірінен марафонға 1 командадан қатысты. Қатысушыларға «Ұлы Дала рухын» сезінуге және киелі жерлеріміз – Жошы хан, Алаша хан кесенелері, түркі руханиятының бесігі Түркістан қаласы сияқты тарихи орындарға зиярат жасауға мүмкіндік туды. Нәтижесінде 1 орын — Жетісу облысы, 2 орын — Ақтөбе облысы, 3 орын — Алматы қаласы атбегілеріне бұйырды.

Оңын ішінде «жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» бір атпен 1300 шақырым жүріп өткен, «Жеке батыр» номинациясы бойынша шабандоз, Күнбатыс ауылының тумасы Дарын Саймасев және ат иесі Қаракемер ауылының тұрғыны Расул Газаев 1 млн теңге сертификатпен марапатталды. Жеңімпаздарды қаракемерліктер құрмет-қошемет көрсетіп күтіп алды. Онда жерлестерімізге аудан әкімінің Құттықтау хаты табыс етілді. Құттықтаулар легіне «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы Б.Жамангозов те қатысып, партия тарапынан Алғыс хат пен сый-сияпатын ұсынды. Жеңімпаз жерлестеріне қаракемерлік азаматтар да сый жасады. Олар ауыл тұрғындары атынан Расул Газаевқа тұлпар мінгізсе, ауыл атбегілері қомақты қаржылай қолдау көрсетті.

Еске сала кетсек, «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесінің бас серіктесі – «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

Leave A Reply

Your email address will not be published.