ЕҢБЕК АДАМДАРЫ МАРАПАТ ТӨРІНДЕ

0

Жұма күні «АMANAT» партиясы аудандық филиалының ғимаратында Еңбек күніне орай «Еңбекпен тапқан нан тәтті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, «АMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов қатысқан келелі кездесуге әр салада абыройлы қызмет атқарып, өнегелі өмір жолымен өзгелерге үлгі болған еңбек ардагерлері, бүгінгі таңда еңбегімен еленіп жүрген үздік мамандар және жастар шақырылды.

Алғы сөзді «АMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы алып, елімізде 2013 жылдан бері атап өтіліп келе жатқан Еңбек күні мерекесінің мән-маңызына тоқталды. «Бұл күннің мақсаты – қарапайым еңбек адамының беделін арттыру, ауданымыздағы еңбек әулеттерінің мерейін өсіру, жалпы елімізде еңбек қоғамы идеясын насихаттау болып табылады»,-деді Б.Жамангозов.

Сонымен қатар, шара барысында ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып келе жатқан Жамбыл облысы мен Қордай ауданының Құрметті азаматы Төле Сүгірбай, ұстаздар әулетінің отағасы, 43 жыл өмірін білім саласына арнаған жан Арыстанбек Молдажанов, ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуына сүбелі үлес қосқан Бақберген Орыналин, журналистика саласының майталманы Құрманбек Әлімжан, статистика саласында ерен еңбегімен еленген Алмакүл Жамбаева сынды ел мүддесі жолында қызмет еткен еңбек ардагерлері сөз алып, жастар қауымына адал еңбектің құндылығы хақында ақыл-кеңестерін айтты. Осыдан кейін аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай жиналған қауымды Еңбек күні мерекесімен құттықтап, айтулы күнге орай бірқатар еңбек адамдарын марапаттады.

Атап айтатын болсақ, Қордай ауданы әкімінің Алғыс хатымен «Эко-Чикен» өндірістік кооперативінің басшысы Т.Сәрсембаева, «Aisana» ЖШС бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Ж.Мадиярова, Қордай ауданы білім бөлімінің қызметкері В.Любченко, Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорны» КМК механигі С.Жекебеков, Аудандық емхананың бастапқы медициналық-санитарлық көмек бөлімінің шаруа бикесі Г.Қожамқұлова марапатталды. Ал «АMANAT» партиясы аудандық филиалы төрағасының Алғыс хатына ардагерлер – А.Молдажанов, Б.Орыналин, А.Жамбаева, Қ.Әлімжан, №42 К.Әзірбаев атындағы орта мектебі директорының орынбасары Э.Айнақұлов, АОА  алдын алу және психо-әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі А.Бегдаева, Бетқайнар ауылдық округінің ақылы қоғамдық жұмысшысы С.Жалимбетова, №38 Р.Қунакова атындағы орта мектебінің қызметкері Г.Ілиясбекова, Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы М.Болгова, «Қордай шамшырағы-Кордайский маяк» қоғамдық-саяси газетінің операторы А.Нәкен ие болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.