Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдері 2021 оқу жылының қорытындысы бойынша сынақтар тапсыруда. Қорытынды тексерудің мақсаты жеке құрамның машығын, бөлімшелердің жаунгерлік әзірлігінің деңгейін тексеру, жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау, жауынгерлік даярлық пен үйлесімділіктің деңгейін бағалау болып табылады.
Әскери қызметшілер тактикалық, арнайы, атыс, саптық, дене шынықтыру және тағы басқа жауынгерлік дайындықтың негізгі пәндерінен емтихан тапсырады. Оқу-жаттығу полигондарында әскери қызметшілер атыс қаруынан оқ ату бойынша шеберліктерін көрсетеді. Сондай-ақ БМП жаяу ұрыс машинасы мен Т-72 танк қару-жарағынан штаттық снарядпен жауынгерлік оқ ату арқылы тактикалық іс-қимылдарды пысықтайды. Қорытынды тексеруде әрбір әскери қызметші жеке бағаланады.
— Біз, 2021 оқу жылының қорытындысы бойынша емтихандар тапсырудамыз. Қорытынды тексеруде әрбір әскери қызметші жоғары нәтиже көрсетуі тиіс. Тексерудің нәтижелері бойынша жауынгерлік сайыстың үздіктері марапатталатын болады, – деді 21450 әскери бөлімінің командирі полковник Табылды Исалиев.
Айта кетейік Қарулы Күштерде жылдық қорытынды шығарылған соң келесі оқу кезеңіне міндеттер айқындалатын болады.
Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі