Сарбаздар сертификат алды

0

Гвардейск гарнизонындағы Құрлық әскерлерінің Оқу-жаттығу орталығын бітірген 1000-нан астам курсант сертификат алды.

Қарулы Күштер қатарына мерзімді қызмет атқаруға келген әскери қызметшілер жарты жыл бойы мотоатқыш, танк және артиллерия әскери мектептерінде даярлықтан өтті.
Оқу-жаттығу орталығын тәмәмдаған курсанттар, мотоатқыштар, танкистер, артиллерия әскери мектептерінде кіші мамандықтар бойынша әскери білімдерін жетілдірді. Атап айтқанда БМП жаяу ұрыс машинасы мен Т-72 танк механик-жүргізушісі, көздеуші-операторы, брондалған көліктің механик-жүргізушісі, Д-30 зеңбірегі, есептеуші, топогеодезист және барлаушы мамандықтары бойынша әскери білім алды.
— Біздегі оқу-материалдық база жоғары деңгейде білім беруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Курсанттар оқу сыныптары мен оқу-жаттығу құралдарында және полигондағы атыс алаңдарында оқып, әскери білімдерін жетілдірді. Олар оқу әдебиеттері бар кітапханамен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар тәжірибелі оқытушылардың еңбегінің арқасында бізде оқитын әскери қызметшілер үнемі жоғары нәтижелер көрсетуде, — деді Оқу-жаттығу орталығының командирі ұлан полковнигі Алмас Доспаев.
Түлектер алдағы уақытта әскери мамандықтары бойынша Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде қызметтерін жалғастырады. Олар алған білімдерін іс жүзінде жауынгерлік даярлық барысында қолданатын болады.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.