Қостанай қаласында жылдың ең ірі отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі — «QOSTANAI TECH» өз жұмысын жалғастыруда. Ауқымды іс-шараға облыс тұрғындары, еліміздің түрлі өңірлерінен келген қонақтар, бизнес, ғылым, ІТ саласының өкілдері мен жастар көптеп жиналды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Таңертеңнен бастап «Жастар сарайы» мен оған іргелес аумақ ғылымға, технологияға және цифрлық экономиканың болашағына қызығушылық танытқан жандардың бас қосатын орталығына айналды.
Фестивальдің ашылуына Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, бүгінде технологиялар мен жасанды интеллектіні дамыту өңірдің және тұтас елдің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басты факторлардың біріне айналғанын атап өтті.