ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің вице-министрі Гүлзат Көбенова 1 шілде күні толық күшіне енген жаңа Конституцияға қатысты пікір білдірді.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі – ел тарихындағы маңызды кезең. Ата Заңда алғаш рет адам капиталын, білім беру жүйесін, ғылымды және серпінді инновацияларды дамыту басымдықтары ең жоғары конституциялық деңгейде бекітілді. Бұл маңызды қадам ел дамуының жаңа іргелі бағдарларын айқындап, оның өзегіне адамды, оның білімі мен кәсіби құзыреттерін, зияткерлік әлеуетін толық жүзеге асыру мүмкіндігін қойды.Отандық ғылым мен жоғары білім саласы үшін бұл өзгерістер сапалы кадрлар даярлауға, заманауи ғылыми-зерттеу ортасын дамытуға және озық инновацияларды енгізуге қолайлы экожүйе қалыптастыруға бағытталған жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің вице-министрі Гүлзат Көбенова 1 шілде күні толық күшіне енген жаңа Конституцияға қатысты пікір білдірді.
Next Post