Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындылары шығарылып, алдағы жылыту кезеңіне дайындық жұмыстарының барысы қаралды, деп хабарлайды arainfo.kz
Жиынды ашқан өңір басшысы қатысушыларды еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға – жаңа Конституцияның заңды күшіне енуімен құттықтады.