Қуанышқа бөленді

0

«Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына  әлеуметтік   көмек көрсету орталығы»    8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмір шуағы!» атты тәрбие сағаты өтті. Мерекелік шарада бүлдіршіндер аналарын 8 наурыз мерекесімен құттықтап, өлең шумақтарымен қуантты. Қызмет алушылар нәзік жандылар туралы әндерін шырқап, би билеп,  бір-біріне жылы лебіздерін жеткізді. Бұл күні «Үміт сәулесі»  қайырымдылық қоры орталықтағы әйелдер мен балаларды 8 нау-рыз мерекесімен құттықтай келіп, сыйлықтар, сәбилерге  жөргектер, тәттілер мен азық-түлік себеттерін сыйға тартты. М.Төлебаев атындағы «Өнер» мектебі балаларға сыйлықтары мен қолөнер бұйымдарын тарту етті. Мерекелік құттықтаудан соң күмбірлеген күй тартылып, орталықтың іші әсем әнмен тербелді. Демеушілерге орталықтың атынан көп рахмет айта келе, барлық нәзік жанды ару қыздарымызды, асыл аналарымызды  8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!

 

«Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына  әлеуметтік   көмек көрсету орталығы»  КММ

Leave A Reply

Your email address will not be published.