«Инабатты келін» байқауы

0

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 7 наурыз күні Әлжан ана ауылының мәдениет үйінде «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Инабатты келін-2024» атты аудандық келіндер байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілге құрмет көрсету, халқымыздың тарихы мен мәдениетін құрметтеу, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды кеңінен насихаттау.

Байқауда  Жамбыл, Степной, Бетқайнар, Қақпатас ауылдық округтерінен келген жас келіндер бағын сынады.

Қатысушылар «Мен қазақтың келінімін» номинациясы, «Кім тапқыр» ситуациялық сұрақтарға жауап беру, «Өнерлі өрге жүзер» келіннің өнерін тамашалау және «Аспаздық өнер» үй тапсырмасы кезеңдері бойынша өзара сайысқа түсті.

Қазылар алқасының шешімімен І орынды – Бетқайнар ауылының келіні А.Абдулмақсұт, ІІ орынды – Жамбыл ауылының келіні Б.Төремұратова, ІІІ орынға – Әлжан ана ауылының келіні Т.Абдрашитова ие болды.

Барлық байқау жеңімпаздарына «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бағалы сыйлықтары мен дипломдары табысталды.

А.Сейдеходжаева, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің жастар ісі жөніндегі инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.