ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ ҰСЫНАДЫ

0

Бүгінгі технология дамыған заманда балаларға рухани тәрбиелеу өзектілігі күн тақырыбынан түскен емес. Балалардың шығармашылық, қызығушылық қабілетінің, көркемдік талғамының дамуының бірден бір жолы – ол театр. Театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың көркемдік талғамын, қиялын дамытады. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұндағы мамандар кішкентай оқырмандарына тек балалар әдебиетін ұсынумен шектелмей, әртүрлі қызықты іс-шаралар өткізіп тұрады. Әсіресе, қуыршақ театрының қойылымдары кішкентай қордайлықтар арасында танымал бола бастаған. Театрдың мақсаты – бүлдіршіндерді кітапханаға тарту, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, балалар арасында достықты дәріптеу,  ертегіні сахналау арқылы жақсы мен жаманды ажырату, бірі-біріне көмектесе білуге  тәрбиелеп, ертегіге деген сүйіспеншілігін ояту болып табылады. Бүгінде «Шалқан», «Аю мен маса», «Бауырсақ», «Жол тәртібін білейік – аман-есен жүрейік» атты қойылымдары ұсынылады. Жазғы демалыс кезінде «Балауса» балалар сауықтыру лагерінің демалушылары және «Емен» саябағының келушілері үшін көрсетілді. Театрда кейіпкерлер рөлдерін аудандық және балалар кітапханасының қызметкерлері сомдайды. Мәселен, Г.Абдыбаева «Ата», А.Абдрахимова «Апа», Г.Смағұлова «Түлкі», Б.Абдибаева «Аю», Г.Смағұлова «Немере қыз», А.Ембердиева «Қасқыр» болып, балаларды ертегі әлеміне жетелеп, кішкентай оқырмандарына ерекше сезім сыйлап келеді.

Алуа Тұрғанбаева

Leave A Reply

Your email address will not be published.