ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗ ОЙЛА…

0

Бейсенбі күні «Amanat” партиясы Қордай аудандық филиалының мәжіліс залында партия аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтіп, онда күн тәртібіне енгізілген екі мәселе қаралды. Бірінші сұрақ бойынша, яғни Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің егін жинау науқаны және қысқы мал азығына дайындық барысы туралы бөлім басшысының міндетін атқарушы А.Журумбаев баяндама жасады.

Хабарламашының сөзінше, биылға 68400 га масақты дақылдарды ору жоспарланған, оның ішінде 22200 га күздік бидай, 46200 га жаздық арпа. «Егін орағына аудан бойынша барлығы 97 астық комбайндары, 368 автокөлік пен 582 трактор тіркемелерімен қатысуда. Егін орағын алдын ала есептеу бойынша 30-35 күнде аяқтау жоспарланып отыр. Астық қабылдауға 21 қырман, 29 автокөлік таразылары, 15 тұқым тазалағыш қондырғылар дайындық сапына қойылды. Бүгінгі күнге аудан аумағындағы ауылдық округтерде егін жинау жұмыстары жүргізілуде», — деген А.Журумбаев бюро мүшелерінің арзандатылған дизель отыны, қысқы мал азығына дайындық жұмыстары жайында сұрақтарына жауап берді.
Ал екінші мәселе бойынша Сұлутөр ауылдық округінің әкімі Н.Байсалдың баяндамасы тыңдалды. Ауыл әкімі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес 2021-2022 жылдары атқарған жұмысы туралы есеп берді. Күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, ұсыныс-пікірлер назарға алынып, тиісті қаулы жобасы қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.