ҚАЗҰУ-де ЖЕРЛЕСІМІЗ Г.САДЫХАНОВА АТЫНДА АУДИТОРИЯ АШЫЛДЫ

0

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде Садыханова Гүлнара Амангелдіқызы атындағы оқу аудиториясы ашылып, халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.

Өткен жылы мезгілсіз дүниеден озған Г.Садыханова ауданымыздың тумасы, осы оқу орнының белді қызметкері, кафедра меңгерушісі болатын. Оның есімін есте қалдыру шаралары аясында Аудиторияның ашылуы Гүлнараның диссертациялық жұмысының жетекшісі болған экономика ғылымының докторы, профессор С.Нысанбаев, университеттің ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі Проректоры Х.Тасыбеков және Гүлнараның әкесі, Қордай ауданының құрметті азаматы А.Садыхановтың лента қию рәсімімен басталды.
Дөңгелек үстелге шетелдік ғалымдар да қатысты. Гүлнараның студенті, магистранты болған, Түркиядағы Стамбул университетінде PhD дәрежесін қорғап, қазір сонда қызмет ететін Акинер Аида, Ұлыбританияның Брюнель Университетінен Abraham Althonayan, Италияның Падуа университетінен Челетти Дэвид сынды PhD дәрежелі профессорлар баяндамалар жасады. Сондай-ақ, еліміздің әр шалғайында еңбек етіп жүрген Гүлнараның көптеген шәкірттері келіп қатысты. Олардың қолдауымен жылына екі мәрте төрт студентке берілетін «Гүлнара Садыханова атындағы шәкіртақы» тағайындалып, арнайы қор құрылды. Ұстаз-ғалымның бір жылдық асына орай оның өмірі, қызмет жолы, игі істері туралы естеліктерден тұратын «Игіліктің елшісі» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.