Қызылшаның алдын алу маңызды

0

Қызылша – өте жұқпалы вирустық ауру, әлемдегі ең жұқпалы инфекциялардың бірі. Қызылша ауруының жұқпалы индексі 93-95% құрайды. Вирус ауа арқылы таралады және ұзақ қашықтыққа оңай таралуы мүмкін.

Қызылша жоғары температура, интоксикация, жөтел, мұрыннан су ағу, конъюнктивит, теріде және ауыз қуысының шырышты қабаттарында ұсақ нүктелі бөртпе түрінде көрінеді.

Қызылша ауруы ауыр асқынулармен қауіпті: отит, пневмония және жүйке жүйесі – энцефалит, менингит, паненцефалит. Паненцефалит – бұл мидың қатысуымен болатын ең ауыр асқыну. Паненцефалит, әдетте, қызылшамен ауырғаннан кейін бірнеше жылдан кейін дамиды және өліммен аяқталады. Бұл психикалық деградацияны, миоклониялық конвульсияларды және құрысуларды тудырады.

Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының эпидемиолог дәрігерлері әр тұрғынға қызылшаға қарсы егуді тексеруді ұсынады.

Егер сіздің балаңыз немесе сіз қызылшаға қарсы вакцинацияланбаған болсаңыз, қызылшаға қарсы вакцинация алу үшін тұрғылықты жеріңіздегі немесе тіркелген жеріңіздегі емханаға хабарласыңыз. Естеріңізге сала кетейік, қызылшадан тиімді және ұзақ мерзімді қорғаудың жалғыз шарасы – вакцинация.

Өз денсаулығыңызға және балаларыңыздың денсаулығына мұқият болыңыз!

Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар Ауруханасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.