ҮЕҰ-ҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР КОНКУРСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

0

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша ҮЕҰ-ға арналған 2023 жылға мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурсты жариялайды.

Конкурс «Zhas Project» жастар корпусын дамыту, азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатында өткізіледі.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының кеңсесі Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5 қабатта орналасқан.

Өтінімдерді Оператор 14 тамыздағы Астана уақыты бойынша сағат 18.30-ға дейін қабылдайды.

Сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша Орталық менеджерлеріне

8 (7172) 79-08-04, 79-08-28, 79-08-07 нөмірлері арқылы хабарласа аласыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.