ӨТЕГЕНДІКТЕР ОЙЫН АЛАҢШАСЫН ТАРТУ ЕТТІ

0

Әр ата-ананың байлығы, өмірінің мәні мен сәні, көз қуанышы – бала. Сондықтан оларды шаттыққа бөлеу әрбір жанның міндеті. Осындай ұстанымды ту еткен Өтеген батыр ауылының жастары «Өтеген батыр қазынасы» қорының қаржыландыруымен ауыл балақайларына ойын алаңшасын тарту етті. Жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндер әткеншекте тербеліп, сырғанақтан түсіп, асыр сала ойнауда.

Ойын алаңына орналастырылған жаңа жабдықтардың барлығы сапалы, заманауи үлгіде жасалған, ойын аймағының бүкіл периметрі бойынша жасанды газон төселген, әрі қауіпсіздік талаптары ескеріліпті.

–Біздің ауылда балалар көп. Бұл жаңа орын олардың белсенді демалысы үшін өте қолайлы болды. Кішкентай ұл-қыздарымызға қамқорлық танытып отырған «Өтеген батыр қазынасы» қорына, ауыл жастарына алғыс айтамыз. Ойын алаңшасы бүлдіршіндерге ұзақ уақыт қызмет етеді деп үміттенеміз,-дейді балаларын ертіп келген ата-аналар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.