Жамбыл облысында 2026 жылдың 13 сәуірінен бастап үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының жүргілуіне байланысты, аудан немесе ауыл аймақтарында үйірлі шегірткелердің қоныстануы, олардың таралу аумақтары туралы сіздерге қандай да бір ақпарат белгілі болса, Қордай аудандық аумақтық инспекциясы (телефон: 8 777 9324486) және Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының Қордай аудандық филиалына (телефон: 8 776 6643867) хабарласуларыңызды сұрайды.
Сіздердің ақпараттарыңыз алынғаннан кейін, сол жерге бірден анықтаушылар жіберіліп, қажет болса химиялық өңдеу жүргізіледі.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілер (инстаграм, тик-ток, фэксбук, тредс) мен мессенджерлерге (уатсап және телеграм) алдыңғы жылдары түсірілген немесе нақты мекен-жайы анық емес виделар мен ақпараттарды таратпауды және жарияламауды сұраймыз!
Өйткені, бұл жағдайлар халық арасында жалған ақпараттардың таралуы мен нақты ақпараттарды бұрмалауға алып келеді.
Егер қандай да бір видео материалдар мен ақпараттарыңыз бар болса, ақпараттарыңызды растау үшін жоғарыда көрсетілген сенім номерлеріне хабарлассаңыздар болады.
ЕСКЕРТУ
Қазақстан Республикасында көрінеу жалған ақпарат тарату және деректерді бұрмалау (искажение информации) үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Сіздердің көмектеріңізге сенім артамыз!