Үміткерлерді шақырады

0

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Академиясына және Ресей Федерациясының жоғарғы әскери оқу орындарына 2021 жылға үміткерлерді қабылдау, зерделеу және іріктеу жұмыстары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қордай ауданы бойынша шекара басқармасында ұйымдастырылуда. Үміткерлерді жоғарғы әскери оқу орындарына қабылдау конкурс негізінде жүзеге асырылады. Үміткерлерге қойылатын талаптар:
— оқуға түсетін жылы 17 жасқа толған және 22 жастан аспаған ҚР азаматтары;
— әскери қызметте жүргендер, мерзімді әскери қызметшілер және әскери қызметшілер оқуға түсетін жылы 24 жастан аспаған ҚР азаматтары;
— келісімшарт бойынша әскери қызметшілер оқуға түсетін жасы 25 жастан аспауы тиіс.

Үміткерлерді қабылдау әр аптаның сәрсенбі күні Қордай ауылы, Беріктас көшесі, 17 мекенжайы
бойынша жүзеге асырылады.
Тел.: 8 (72636) 6-94-38, 8 (72636) 6-94-66.

Leave A Reply

Your email address will not be published.