Үздік стартаптар мен инновациялық жобалар анықталды Тараз қаласында өтіп жатқан «TARAZ CREATIVE INDUSTRIES 2026»

0

халықаралық форумы аясында үздік стартаптар мен инновациялық жобаларды анықтауға арналған Pitch Battle байқауының финалы өтті. Жас стартапшылар мен инноваторлар өздерінің тың идеяларын ұсынып, технологиялық шешімдерінің әлеуетін таныстырды.

Форумның маңызды бағдарламаларының бірі – «Ақылды өңір: пилоттық жобадан ауқымды өндіріске дейін» тақырыбындағы панельдік дискуссия болды. Дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылған кездесуде университет ғалымдары, IT-мамандар және EPAM Systems, Aviata.kz, «Банк ЦентрКредит» АҚ, Tomorrow School мен өңірлік IT-хаб өкілдері пилоттық IT-шешімдерді ірі өндірістік секторға енгізу жолдарын талқылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.