Өздеріңізге белгілі, биылғы Наурыз мейрамын қазақстандықтар өзгеше атап өтуде. Көктемнің шуақты мерекесін мерекелеу Концепциясына сәйкес, іс-шаралар кешені он күнге белгіленген және әрбір күн белгілі бір мәдени дәстүр мен қазақстандықтардың ұлттық құндылықтарына арналды. 18 наурызда елімізде «Ұлттық киім күні» атап өтілді.
Идеяны ауданымыздың прокурорлары да қолдай түсті. Осылайша, аудан прокуроры Бірлік Ізбасаров бастаған Қордай ауданы прокуратурасының қызметкерлері қайталанбас ою-өрнекпен безендірілген сәнді шапандары мен камзолдарын киіп, үлгі таныта білді.
«Шын мәнінде, қазақтың ұлттық киімінде халықтың ұлттық коды мен ұлттық жадын сипаттайды. Оның бірлігі, эстетикалық идеалдары, тұрмыс-тіршілігін танытады», — деп атап көрсетті құқыққорғау саласының қызметкерлері.