«Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем»

0

№7 Қордай аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы Қордай ауылдық мәдениет үйімен бірге «Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем» атты мәдени іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараға ауылдық округтің әкімі, ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің мүшелері, әлеуметтік сала мекемелерінің басшылары, Цемзауыт ы/а мектеп және балабақша ұжымы қатысты.

Мерекелік жиынды Қордай ауылдық округінің әкімі Әділет Қаспақбаевтың және ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әбдібек Сейілхановтың құттықтауымен басталды. Орталық мамандары мен қызмет алушылары ән айтып, қазақша және өзбекше би билеп, күй орындап, қазақтың «Қыз ұзату» салт-дәстүрінен көрініс көрсетті. Сонымен қатар, ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің мүшелері, мәдениет үйінің мамандары, Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп ұжымы мен оқушылары,  «Ақмаржан» балабақша ұжымы да өнерлерін паш етті.

Сонымен қатар, шара барысында Цемзауыт ы/а кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды. Мереке соңында  ұлттық ойындар ойнатылды: асық ату, бес тас, үлкендер мен жастар арасында арқан тартуға ауыл тұрғындары белсене атсалысты. Үлкен әже-аталарымыз сөз сөйлеп тілектерін айтып ақ баталарын берді. Қызмет алушыларға орталық қызметкерлерінің ұйымдастыруымен наурыз көже таратылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.