Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай педагогтер арасында ұйымдастырылған «Абай сөзі – әділдік темірқазығы» атты облыстық интеллектуалды конкурс өтті.

0

Аталған зияткерлік додада №7 Бетқайнар колледжінің әдіскері Абдулмаксут Айнур білімділігі мен кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде көрсетіп, жүделі І ОРЫНДЫ иеленді.

Іс- шараның басты мақсаты – Абай шығармаларындағы әділеттілік, адамгершілік және жауапкершілік идеяларын кеңінен насихаттау, сондай-ақ педагогтердің зияткерлік әлеуетін арттыру. Сайыс барысында әдіскеріміз хәкім Абайдың рухани мұрасын заманауи қоғам талаптарымен ұштастыра отырып, терең талдау жүргізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.