ӘДІЛДІК ЖОЛЫНДАҒЫ АДАЛ ҚЫЗМЕТ

0

Жамбыл облыстық сотында салтанатты жағдайда біздің жерлесіміз, құрметті судья Төлесбай Самат Нүкеұлын құрметпен отставкаға шығарып салды.

 

Президенттің 2023 жылғы 17 шілдедеді №287 Жарлығымен ол отставкаға кетуіне байланысты Жамбыл облыстық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Облыстық сот төрағасы Ербол Ахметжанов облыстың сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айта келе, мықты денсаулық, отбасылық береке және жетістіктер тіледі.

С.Төлесбай әр жылдары Жамбыл облысының жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарында әртүрлі қызметтерді атқарған. Сот жүйесіндегі еңбек жолын 2003 жылы Талас аудандық сотының судьясы болып бастаған.

Облыстық сот судьялары өз тілектерін айтып, көп жылғы бірлескен жұмыс үшін алғыстарын жаудырды. Өз кезегінде судья С.Төлесбай да әріптестеріне ризашылығын білдіріп, баршаға табыс пен жетістіктер тіледі.

Шара соңында облыс судьялары атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.