ТАҒАЙЫНДАУ

0

Қордай ауданыәкімінің

2023 жылғы 21 тамыздағы № 89 ө-ж/қ өкімімен

Оспанов Ғалымжан Жарылқасымұлы

Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Оспанов Ғалымжан Жарылқасымұлы,1962 жылы Алматы облысы Кеген ауданы А.Нүсіпбеков ауылында дүниеге келген.

Ұлты-қазақ.

Білімі-жоғары.

1989 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту Ордені ауылшаруашылық институтын«агрономия» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1979 жылы Жамбыл облысы Ленин колхозында құрылысшы болып бастаған. 1983 жылы Жамбыл облысы Ленин колхозында құрылысшы,1989-1995 жылдары Жаңатұрмыс қой совхозында есепші-агроном, бас агроном, 1995-1996 жылдары «Жігер» өндірістік кооперативі кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1996 жылы Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі, 1996-1997 жылдары Степной ауылы «Достық» өндірістік кооперативінің агроном-химигі,1997-2000 жылдары Қордай ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің референті, бас маманы, 2000-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігі республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Фитосанитария» Жамбыл филиалының Қордай ауданындағы өсімдік карантині бойынша жетекші маманы, 2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігі «Фитосанитариялық диагностика және болжамдау орталығы» Қордай филиалының директоры, 2005 жылы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігі республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Фитосанитария» Жамбыл филиалының Қордай ауданындағы өсімдік карантині бойынша жетекші маманы, 2006-2008 жылдары «Маис-Агро-Шу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас агрономы, 2008-2009 жылдары «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Қордай аудандық филиалының консультанты, төрағаның бірінші орынбасары, 2009-2013 жылдары «Бек» шаруа қожалығының агрономы, 2013-2022 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің агроном-инспекторы, статистигі қызметтерін атқарған.

Үйленген, 6 бала тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.