«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН» ҚОҒАМДЫҚ САНА ӨЗГЕРІСІ

0

«Әділетті Қазақстанды құрамыз десек, саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керек. Онсыз басқа жұмыстың бәрі бекер. Мен бұл туралы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында нақты айттым. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады. Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайтынын атап өтті. Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат болса, әділдік орнайды.

«Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мәні – осы. Тағы да қайталаймын: Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Шын мәнінде, адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды. Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат болса, әділдік орнайды. Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда», — деді Президент.

Ендеше «Әділетті Қазақстан» жолында күш біріктіруіміз қажет.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті. Отбасымызбен бірге назар қойып тыңдадық.

Өз Жолдауында Мемлекет Басшысы бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды. Бұл бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс қарастырылуға тиіс. Осы жинақ пен «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қаражаты қосылғанда жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туады. Демек, біздің кішкентай балаларымыздың болашағын жарқын ететін нақты қадамдар қолға алынады.

 

Бауыржан Алпысбаев, «Жамбыл облысы оқу — ағарту, ғылым және жоғарғы білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық Бірлестігі

Қордай ауданы бойынша аймақтық

құқықтық еңбек инспекторы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.