ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0

13 ақпан күні Аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбайдың төрағалығымен өткен жиынға комиссия мүшелері, бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, әйелдер Кеңесінің төрайымдары және БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібіне үш мәселе шығарылып, оның біріншісі – өмірде қиын жағдайға тап болған, аз қамтылған жайсыз отбасыларды анықтау, олардың әлеуметтік жағдайларына талдау жасау, «Бақытты отбасы» жобасын жүзеге асыру туралы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а. Ляззат Мінісқұлова баяндама жасады. Хабарламашының мәліметіне сәйкес, биыл Қордай ауданы бойынша 3193 азаматты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету мақсатында барлығы 220050 мың теңге қарастырылып, есепті кезеңге  1259 адамға 15742,9 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. «Жыл басынан өмірлік қиын жағдайға тап болған және әлеуметтік мәні бар аурумен ауыратын 34 азаматқа жалпы сомасы 2 436 мың теңгені құрайтын бір жолғы және мерзімдік әлеуметтік көмек тағайындалды. «Қордай аудандық «Бақытты отбасы» жобасын іске асыру бойынша жедел әрекет ету тобы құрылған. Өткен жылы «Жедел әрекет ету» тобы жұмысының нәтижесінде 21 сәтсіз отбасы анықталды. Анықталған отбасыларға тұрмыс жағдайын зерделеу жұмыстары жүргізіліп,  әлеуметтік карта жасақталды. Нәтижесінде 1 отбасы атаулы әлеуметтік көмекпен тағайындалды, 5 азаматтың өздерінің жұмыстары бар екені анықталды, 3 азаматтың мансап орталығы арқылы қоғамдық жұмыстарға жолданды»,-деген Л.Мінісқұлова көмекке мұқтаж азаматтарға көрсетілген өзге де шараларға тоқталып өтті.  Өмірде қиын жағдайға тап болған, аз қамтылған жайсыз отбасыларды анықтау, олардың әлеуметтік жағдайларына талдау жасау бойынша атқарылған жұмыстарды аудандық білім бөлімінің басшысы Санат Әшірбеков те атап өтті. «Аз қамтылған, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 7580 оқушыға мектеп формасын, оқуға арналған құрал-жабдықтарын алуға облыстық және республикалық бюджеттен 307 млн 397 мың 460 теңге бөлініп, 1 балаға – 40567 теңгеден ата-аналарының (заңды өкілдерінің) дербес шоттарына аударылды. Сонымен қатар, «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында жаңа оқу жылының басында 375 балаға демеушілер есебінен 15 млн теңгеге көмек көрсетілді — деді бөлім басшысы.

Осыдан кейін Отар, Сұлутөр, Қарасу ауылдық округтері әйелдер кеңестерінің төрайымдары сөз алып, округтерінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – Қордай ауданының прокуратурасы тарапынан бекітілген «Қауіпсіз Қордай — 2024» жобасының «Отбасылық – тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтың алдын алу» 3 тарауының                        17 тармағына сәйкес, 2024 жылдың 22 қаңтарынан бастап аудандық полиция бөліміне отбасындағы тұрмыстық зорлық — зомбылық бойынша түскен арыз-шағымдар бойынша атқарылған жұмыстар бойынша Қордай, Отар, Ауқатты, Кенен, Қасық, Қаракемер, Бетқайнар ауылдық округтері әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Комиссия төрағасы Дамира Маратқызы жиынды қорытындылап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.