ТАҒАЙЫНДАУ

0

Елеусізова Ақсана Бейбітқызы Қордай ауданы әкімінің 2024 жылғы 16 ақпандағы №16 ө-ж/қ өкімімен Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Елеусізова Ақсана Бейбітқызы 1977 жылы 5 маусымда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген.

Ұлты – қазақ.

Білімі – жоғары.

2002 жылы «Әулие-Ата» университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1997 жылы «Агроөнеркәсіп» банкінің Жамбыл ауданындағы филиалында экономист болып бастаған.

1999-2006 жылдары Жамбыл ауданы әкімінің еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында жетекші маман, бас маман, құрылымдық бөлімше басшысы, 2006-2009 жылдар аралығында Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бас маман, 2009-2011 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде бас маман, сектор меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары, 2012-2019 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары, 2019-2021 жылдар аралығында Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, 2021-2023 жылдар аралығында Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында директордың орынбасары, 2023-2024 жылдары Қордай аудандық «Мансап» орталығында директордың орынбасары қызметтерін атқарған.

Тұрмыста, 3 бала тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.