ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТҮРЛЕРІ

0

Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №80-5 «Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу бойынша төмендегі әлеуметтік көмек түрлерінің қарастырылғанын хабарлайды:

Жан басына шаққандағы орташа табысы 1 (бір) айлық күнкөріс деңгейінен аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларды есепке алмай) ай сайын әр балаға 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға) мынадай санаттар бойынша:

— мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

— денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

— жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

— қандастар;

— экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

— «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен награтталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

— толық емес отбасылар;

Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік көмектің барлық түрлері Қордай ауданы аумағында тұрақты тіркеуде тұрған азаматтарға көрсетіледі.

Барлық сұрақтар бойынша Қордай ауылы, Төле би көшесі, 49 үй (байланыс тел: 2-10-03) мекен-жайы бойынша орналасқан Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе тұрғылықты мекенжай бойынша жергілікті әкімдікке жүгінуге болады.

 

Л.МІнІсҚҰлова, Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

басшысының орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.