Аудан әкімінің кубогына жарыс өтті

0

Сенбі күні Қордай ауылында аудан әкімінің кубогына шағын футболдан мекемеаралық жарыс өтті. Айтулы спорт додасының ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Бегзат Болатбеков бұл шараның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттап, мемлекеттік қызметшілердің бірлігін арттыру екендігін атап өтті:

–       Өздеріңізге белгілі соңғы жылдары ауданымызда спорт нысандарының қатары артып, бүгінде 400-ге жуықтап отыр. Тиісінше, спортпен шұғылданатын жастардың саны да артып келеді. Әсіресе, ауыл жастарынан футбол ойын алаңшаларын салу жөнінде ұсыныстар көптеп түсуде. Бұл, әрине ауданымыздағы футбол ойынының кеңінен қанат жайып келе жатқандығының айқын көрінісі. Бүгінгі шараны ауданымыздағы мекеме қызметкерлерінің арасында өткізуді жөн көрдік. Мұндағы тағы бір мақсат қызметкерлердің тәжірибесі мен шеберліктерін шыңдап, ұжымдар арасындағы өзара әріптестік байланысты нығайту, салауатты өмір салтына үндеу. Мұндай сайыстардың өткізілуі қызметкерлердің бір сәт жұмыстан босап, ой сергітіп, бойын шыңдауына да жақсы әсер беретіндігі сөзсіз. Ендігі жоспар осы турнирді келер жылы одан да жоғары деңгейде өткізу, — деді аудан басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.