ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСТІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

0

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеровпен бекітілген кестеге сәйкес 2023 жылдың 2-3 мамыры аралығында Қордай ауданының тұрғындары арасында Әлеуметтік кодекстің нормаларын түсіндіру мақсатында жұмысшы
тобының кездесулері өткізілді.

Жамбыл облысы бойынша құрылған Әлеуметтік кодексінің негізгі бағыттарын ақпараттық-түсіндіру туралы жұмысшы тобы, атап айтқанда Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары М.Ділдәбекова, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Мейірманов, Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Ж.Қалиев, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» Жамбыл облысы филиалының бас маманы А.Атамкулов, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ЖА-дің «Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ә.Шаймерденова аудан тұрғындарына Мемлекет басшысының 2020 жылғы халыққа Жолдауында айтылған әлеуметтік қамтамасыз ету саласы бойынша Заң актілерін оңтайландыру тапсырмасына сәйкес, 2023 жылы Президент қол қойған Әлеуметтік кодекстің нормаларымен таныстырды.
Кодекстің бірінші жаңалығы – Отбасының цифрлық картасы немесе еліміздегі отбасылардың дербес дерекқорының іске асырылуы;
Кодекстің екінші жаңалығы – мемлекеттік қолдаудың жаңа парадигмасы. Оған сәйкес мемлекеттік қолдау алдымен әлеуметтік тәуекелдердің алдын алатын атаулы шара, одан кейін ғана атаулы әлеуметтік көмек ретінде қарастырылатын болады. Яғни, әлеуметтік көмек алушылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына арналған кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап заттай түрден монетизациялау (ақшалай) түріне ауыстырылуы;
Кодекстің үшінші жаңалығы – әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансфомациялауға қатысты. Яғни, спикерлер мүгедектігі бар азаматтардың көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге деген қолжетімділігінің арттырылатындығын атап өтті.
Тағы бір өзгеріс – бұл мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету ісіне олардың отбасы мүшелерін барынша тарту. Бұл ретте отбасы мүшесі жеке көмекші немесе әлеуметтік қызметкер ретінде ресімделеді. Бұл жұмысқа еңбекақы төленеді және әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналары аударылады. Осылайша, отбасының еңбек жасындағы жұмыссыз мүшелері қызметке орналасуға мүмкіндіктерін қамтитын болатындығын атады.
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары М.Ділдәбекова кодекстің төртінші жаңалығы – әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы жүйелеріне қатысты жаңалықтарымен таныстырды. Басты жаңалықтардың бірі – бала күтімі бойынша төлем кезеңі 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұзартылуы, бала күтімі бойынша жәрдемақы жұмыс істеймейтін аналарға республикалық бюджеттен, ал жұмыс істейтін аналарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін болатындығын атап өтті.
Әлеуметтік кодекске «Наградталған аналар» деген жаңа ұғым енгізілді. Бұл мәртебені «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендері бар әйелдерге берілетіндігін атады.
Қазіргі қолданыстағы жүйе зейнеткерлердің 3 буынын қамтиды. Қарастырылған өзгерістерде 1998 жылға дейін және 1998 жылдан кейін зейнетке шыққан азаматтар зейнетақы төлемдерінің негізгі бөлігін мемлекеттен, ал болашақ зейнеткерлер – жинақтаушы зейнетақы жүйесінен алатын болады. Осы мақсатта бүгінгі зейнеткерлер үшін базалық және еңбек зейнетақыларының мөлшерін есептеу параметрлері өзгеретіндігін және бұл өзгеріс аталған зейнетақылардың мөлшерін көбейту мақсатында қарастырылып отыр. Ал болашақ зейнеткерлер үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер тарапынан қосымша зейнетақы жарналары енгізілетіндігін айтты.
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Ж.Б.Қалиев және «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ЖА-дің Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ә.Шаймерденова кодекстің бесінші жаңалығы – халықты жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдерін таныстырып өтті.
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» Жамбыл облысы филиалының бас маманы А.Атамкулов мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер бойынша толығымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді (еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін төлемдер).
Еңбек нарығын либерализациялау, атап айтқанда икемді жұмыспен қамтылудың барлық түрлерін, соның ішінде платформалық жұмысты тануды білдіреді. Бұл өзгерістер негізінен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды әлеуметтік тәуекелдерден сақтандыру, ал тәуекел болған жағдайда әлеуметтік қолдауды қарастыратындығын атап өтті.
Айта кетейік, Жамбыл облысы бойынша құрылған Әлеуметтік кодексінің негізгі бағыттарын ақпараттық-түсіндіру туралы жұмысшы тобы мұндай кездесулерді аудан орталығынан бөлек, Бетқайнар, Қасық, Степной, Жамбыл, Қарасу ауылдық округтерінде өткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.