ТАҒАЙЫНДАУ

0

Қордай ауданы әкімінің 2023 жылғы 2 мамырдағы №46 ө-ж/қ өкімімен АБЕНОВ БАХТИЯР ХАЖИМУХАНОВИЧ Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Абенов Бахтияр Хажимуханович 1991 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылында дүниеге келген.
Ұлты – қазақ.
Білімі – жоғары. 2021 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Су және су ресурстарын пайдалану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2038 әскери бөлімінде сержанттық құрам лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметкер болып бастаған. 2014 жылы ҚР ҚОҚМ СРК «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы «Қордай» өндірістік бөлімшесінде су беру реттеушісі, 2015 жылы ҚР АШМ СРК «Қазсушар» ШЖҚ Жамбыл филиалы «Қордай» өндірістік бөлімшесінде ІІІ-разрядты су беру реттеушісі, 2016 жылы ҚР АШМ СРК «Қазсушар» ШЖҚ Жамбыл филиалы «Қордай» өндірістік бөлімшесінің техник-гидротехнигі, 2017-2018 жылдары ҚР АШМ СРК «Қазсушар» ШЖҚ Жамбыл филиалы «Қордай» өндірістік бөлімшесінде гидротехник, 2018-2023 жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы «Қордай» өндірістік бөлімшесінің қызмет бастығы болып қызметтер атқарған.
Үйленген, 3 бала тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.