Әлжан анаға 110 жыл

0

Тәуелсіз ел іргетасының берік болып қалануына тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев елеулі үлес қосқанын ешкім жоққа шығара қоймас. Оның мемлекет үшін еткен ерен еңбегі, қашанда болашақ ұрпаққа өнеге болып қала бермек. Халқымыздың «алып анадан туады» деген қанатты сөзін Елбасымыздың анасы Әлжан ана жайында айтқанда еске түседі. Өнегелі отбасының берекесі болған, еліміздің тұңғыш Президентін осы дүниеге алып келген Әлжан ана биыл 110 жасқа толып отыр. Аталмыш мерейлі күнге орай «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының бастамасымен Қордай ауданының Әлжан ана ауылындағы «Әлжан ауылының тарихи музейі» ұжымымен бірлесіп «Тәуелсіздікті тұғырлы еткен дара тұлға» атты тақырыпта жылжымалы қор көрме ұйымдастырды. Көрмеге Н.Назарбаевтың өмір жолы және қазіргі геосаясатта өзін мойындатқан қайраткерлігін көрсететін, Елбасының қоғамдық саяси қызметін және тұлғалық келбетін танытар бірегей жәдігерлер қойылды. Бұл құнды экспонаттар қатарында Нұрсұлтан Әбішұлына тек республика азаматтарынан ғана емес, дүниежүзілік қауымдастық тарапынан тарту етілген бағалы сыйлықтар болды. Іс-шараға ауыл ақсақалдары, әжелер ансамблінің топ мүшелері, әкімшілік мамандары, ауыл мектебінің ұстаздары мен кітапханашылар, балабақша тәрбиешілері келіп, құнды жәдігерлерді тамашалады. Айта кететіні, іс-шара барысында барлығы бетперде киіп, санитарлық талаптар толығымен сақталды. Б.Нұрбекова, «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының

Leave A Reply

Your email address will not be published.