Өңірдегі жас таланттарды өнерге баулып жүрген «Шабыт» өнер мектебінің құрылғанына 5 жыл толды. Бүгінде 25 қызметкер жұмыс істеп, мыңнан аса шәкірт тәрбиелеп отырған білім ошағы мемлекеттік қолдаудың арқасында ауқымын кеңейтіп келеді.

0

Бердіғали Қуанышқалиұлының сөзінше, мұндағы балалар вокал мен домбыра бағыттары бойынша білім алып, облыстық, республикалық және халықаралық байқауларда жеңімпаз атанып жүр. Өткен жылы мектеп мемлекеттен 5 млн теңге қайтарымсыз грант алып, өз қаржысына материалдық-техникалық базасын нығайтқан.

Бүгінде «Шабыт» өнер мектебінің 3 филиалы сәтті жұмыс істеп, жас өрендердің шығармашылық әлеуетін арттыруға өз үлесін қосуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.