Өмір жолы өнегеге толы жан

0

Ақ қойдың бағасы аспандап тұрған кеңестік кезеңде оны дұрыстап бағып, бабын таба білген талай жанның ер атанып, материалдық тәрі рухани тұрғыдан да атақ-даңққа, игілікке бөленгені шындық. «Екінші тың» атанған осы саланың бейнетін бір кісідей тартқан әрі жақсылығын молынан көрген ардагерлер әлі де арамызда жүр.

Бүгінгі әңгімеміздің кейіпкері – қарапайымдылық пен еңбексүйгіштіктің үлгісі, халқына қызмет етуден жалықпаған жан, Айзада Әбдімқызы Сұлтанқұлова. Ол 1957 жылы Өтеген ауылында дүниеге келген кейіпкеріміздің балалық шағы даланың кеңдігі мен табиғаттың тазалығымен өтті. 1974 жылы мектеп табалдырығын аттап, білім нәрімен сусындаған бойжеткен Қаракемер ауылының азаматы Сәрсебек Сұлтанқұловпен шаңырақ көтерді. Осылайша, Айзада Әбдімқызының өмір жолы жаңа арнаға түсті.

18 жасында жарымен бірге Чапаев атындағы колхозда қой бағуға кіріскен Айзада Әбдімқызы еңбекке ерте араласты. Қой бағу – оңай шаруа емес, бірақ Айзада Сұлтанқұлова  барлық қиындыққа төтеп беріп, жанын салып жұмыс істеді. Оның қой бағудан басқа да міндеттері болды. Колхоз қызметкерлеріне тамақ әзірлеп, аспаздық шеберлігін көрсетті. Дастархан мәзірін жасап, ауылдастарының алғысына бөленді.

Кейіпкеріміздің айтуынша 1997 жылы колхоз тарағаннан кейін жаңа кезең басталды. Өкінішке орай, 1998 жылы жарынан айырылып, ауыр қайғыға душар болды. Бірақ ол мойымады, қайғыны жеңіп, балаларына тірек болды. Айзада Сұлтанқұлова 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірді. Балаларына жақсы тәрбие беріп, оларды үлкен өмірге дайындады. Бүгінде Айзада апа 10 шақты немере мен 5 шөберенің қамқор әжесі. Олардың қызығына кенеліп, бақытты ғұмыр кешуде.

«Мен бақытты адаммын, — деп күледі біздің кейіпкеріміз, — менің өмірімде күн сайын, тіпті ол қуанышты болмаса да, менің біреуге мұқтаж екенімді түсіндірді. Ауылдастарым да менің көмегіме бірнеше рет мұқтаж болды, егер мен оларға көмектесе алсам, әбден қуанатынмын. Маған әлі де балаларым, немерелерім, шөберелерім керек. Бұл бақыт емес пе? Маған көп нәрсе керек емес».

Айзада Әбдімқызы тек отбасының ғана емес, ауылдың да жанашыры болды. Ол 3 шақырылымның облыстық депутаты болып сайланып, елдің мүддесін қорғады, халықтың қамын ойлады. Оның есімі ауылдастарының жүрегінде мәңгі сақталады.

Айзада Сұлтанқұлова – қарапайымдылық пен қайсарлықтың, еңбекқорлық пен елге деген сүйіспеншіліктің үлгісі. Оның өмір жолы жастарға үлгі-өнеге боларлықтай. Осындай асыл апамызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілейміз!

Мадина УЗБЕКОВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.