ӨНЕРГЕ ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР

0

Аудандағы жас өнерпаздардың өнерін шыңдап, талантты жастарды би өнеріне баулуда Республикалық байқаулардың жүлдегері ҚР Мәдениет қайраткері Бану Тұргымбаеваның би мектебінің еңбегі зор.

Әр баланың бойынан би өнеріне деген икемін анықтап, оны кәсіби тұрғыда шыңдай білген білікті ұстаз шәкірттері өткен сенбі күні қорытынды концерттерін берді.
Би өнерін өркендетуге ерекше үлес қосып жүрген ұжымның мүшелері 3-17 жас аралығындағы өнерпаздар. Бүгінде би ұжымында 100 ге жуық бишілер өнер көрсетеді.
Талмай еңбек етуінің арқасында ашылғанына бір жыл ғана болса да Алматы қаласында өткен Халықаралық «YOUR BI BEST», Республикалық «Танцуют все», «BALA STAR», «Қанаттан» байқауларында жүлделі орындарға ие болды. 17 желтоқсан күні Тараз қаласында «Жаңарған Қазақстан» Халықаралық байқауында бас жүлдені қанжығасына байлап келді.
Есеп беру концерттерінде де ансамбль көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, жерлестерімізді шеберлігімен тәнті етті. Түрлі жанрдағы әр ұлттың билерін нақышына келтіре орындаған бишілер шығармашылық тұрғыда шыңдалғандығын байқатты. Өнерлі өрендердің сахналық қойылымдары қуаныш сыйлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.