ЕЛДІҢ БІРЛІГІ МЕН БЕЙБІТШІЛІГІ МАҢЫЗДЫ

0

Алматыда қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды. Шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы қатысып, қаңтар қасіреті ел тарихындағы үлкен сынақ ретінде халқымыздың жадында сақталатынын атап өтті.
Қаңтар айында өткен бұл оқиға ел бірлігі мен бейбітшіліктен асқан бақыт жоқ екендігін тағы бір мәрте ұғындырды. Мемлекет басшысының жедел қабылдаған шараларының арқасында елде тыныштық орнап, халық арасында іріткі салған азаматтар лайықты жазаға тартылды.
Елімізде мұндай оқиғалар алдағы уақытта орын алмас үшін өскелең ұрпаққа барынша елдің бірлігі мен бейбітшілігінің маңыздылығын ұғындыруымыз қажет.
Жыл басында елімізде болған «Қаңтар» оқиғасы ел есінде мәңгі қалары сөзсіз. Қаншама ел азаматтары қыршын кетті, елдің тыныштығы бұзылды. Дегенмен, ел президенті Қасым Жомарт Кемелұлы өз халқының жанынан қиын кезде табыла біліп, тиісті шаралар қабылданды. Нәтижесінде бүгінде ел іргесі аман, экономикамыз тұрақты дамуда. Енді осы қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған « Тағзым» мемориалы ашылды.Шараға арнайы қатысқан Мемлекет басшысы «Бұл мемориалды қаңтарда қаза болған азаматтардың рухына тағзым ретінде тұрғыздық. Сондай-ақ оны кейінгі ұрпаққа тағылым болсын деп орнаттық. Мен осы мемориалдың бой көтеруіне атсалысқан сәулетшілерге және барлық азаматтарға ризашылығымды білдіремін, – деп атап өтті.

Әбдібек СЕЙІЛХАНОВ,
аудандық Қоғамдық келісім кеңесі төрағасы

ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТУГЕ ҰМТЫЛУЫМЫЗ КЕРЕК

Алматы қаласындағы Республика алаңында 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғаға арналған монументтің салтанатты ашылуы болды. Мемориалдың ашылу салтанатына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысты.
«Қаңтар оқиғасы» ел тарихындағы үлкен қайғылы оқиға ретінде халықтың жадында сақталатыны сөзсіз, сондықтан да сол оқиғаның кесірінен қыршын кеткен азаматтарды еске алып, ерліктеріне тағзым ету мақсатында мемориал ашылды. Расында бұл оқиға бәріміз үшін үлкен сабақ болып, елдің бейбіт өмірі мен бірліктің маңыздылығын ұғындырды. Әр аймақтың татулығы — мемлекеттің татулығының негізі.Сондықтан да біз барша қазақстандықтарымен бірге татулықты ту етуге ұмтылуымыз керек. Сонда ғана Мәңгілік елдің негізі қаланып, дамыған елдермен иық теңестіре аламыз.

Баян ҚАРАМОЛДАЕВА,
аудандық қоғамдық кеңес төрайымы

ТЫНЫШТЫҚ ТЫМ ҚЫМБАТ

Мемлекет басшысының қатысуымен Алматы қаласында қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды. Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қаңтар» оқиғасы ел тарихындағы үлкен сынақ ретінде халқымыздың жадында сақталатынын атап өтті.
Бір қуанарлығы бүгінде оқиға орын алған аймақтардың тұрғындарының артқа көз тастар уақыты жоқ деп айтса да болады. Әр ауылда қайнаған тірлік, мемлекет тарапынан ауыл тұрғындарының көп жылғы толғандырған мәселелері шешімін тауып жатыр. Ең бастысы, тұрғындар татулық пен тыныштықтың тым қымбат екенін сезінді.
Жастар-біздің болашағымыз! Өскелең ұрпаққа тәлімді тәрбие беріп, туған жері мен елін сүюге, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу біздің азаматтық боршымыз. Сондықтан да өскелең ұрпақты тәрбиелеуде жан-жақты шаралар қабылдау қажетпіз.

Біржан ӘЛІМБЕТ,
аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.