ӨРТ – ТІЛСІЗ ЖАУ

0

Егер сіз өрт көрсеңіз, бірден өрт сөндірушілерді шақырыңыз, 101 қызметінің радиобайланысшысының (телефонист) сұрақтарына айқын жауап беріңіз. Қай жерде жанып жатқанын, не жанып жатқанын, өзіңіздің телефоныңыздың нөмірін, аты-жөніңізді нақты айтыңыз. Басқа сұрақтар қойса да ренжімеңіз (мысалы, неше подъезд, қалай жетуге болады), өрт болған жағдайда қажетсіз сұрақтар қойылмайды. Мүмкіндік болса, өрт сөндіру көліктерін қарсы алыңыз. Осының бәрі артық минуттарды сақтайды.

Өрттің алдын алу үшін:

— Ешқашан төсекте жатып шылым шекпеңіз;

— Балаларға оттың қауіптілігін түсіндіріңіз. Олардың қолына сіріңкенің түсуіне жол бермеңіз;

— Қосылған электрқұралдарын қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе үтіктерді, жылытқыштарды, теледидарларды;

— Қолдан жасалған электр құралдарын қолданбауға тырысыңыз;

— Бір розеткаға үлкен қуатты бірнеше тұрмыстық құралдарды қоспаңыз;

— Электр сымдарының жағдайын байқап жүріңіз, өзіңіздің қауіпсіздігіңізге үнемдемеңіз, электр қалқанында “жучок” қолданбаңыз;

— Газ плитаның үстіне лактарды және бояуларды қыздырмаңыз, плитаның үстінде киімдерді кептірмеңіз;

— Шатырларға, жертөлелерге, балкондарға, эвакуация жолдарына бөтен заттар қойып, шашпаңыз, балкондарда жанатын заттарды сақтамаңыз – бір пәтерден бірнеше қабаттарға барған тік өрттер болу оқиғалары белгілі;

— Тек өзіңіздің пәтеріңіздің қауіпсіздігіне ғана емес, үйдің, ауланың қауіпсіздігіне көңіл аударыңыз: шатырлар және жертөлелер кездейсоқ адамдардан жабық болу керек; тұрғын үйдегі кез келген шаруашылық жұмыстар (жертөледегі шеберханалар, дәнекерлеу жұмыстары) қауіпті – бұзушылық жағдайында өзіңіздің өрт қадағалау инспекторынан көмек сұраңыз.

Б.ӘПІЛБЕК, Қордай ауданы ТЖБ инженері, азаматтық қорғау лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.