Өтегендіктердің қос қуанышы

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық елді мекендерде өмір сүру сапасын арттыру мен оларды дамытуға аса назар аударады. Ауқымды жобаларды іске асыру үшін арнайы мемлекеттік бағдарламалар әзірленген. Қордай ауданында да ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар атқарылуда. Ауылдар газдандырылып, спорт, мәдениет нысандары салынып, ауылішілік жолдарға асфальт төсеу жұмыстары қолға алынған. Бұрын балаларға арналған ойын алаңшаларын, стрит-воркаут алаңшаларын, шағын футболға арналған алаңшаларды қаладан ғана көретін болсақ, қазір аталмыш нысандар ауылдық жерлерде де пайда болып, жергілікті тұрғындарға қуаныш сыйлауда. Ауыл жұртын алаңдататын проблемалардың ішінде жол жөндеу мәселесі өзектілерінің бірі саналады. Көптен бері осы мәселені көтеріп жүрген өтегендіктер үшін жуырда жағымды жаңалық орын алды.
Қарасу ауылдық округіне қарасты Өтеген ауылында Тілеміс көшесінің 1,8 шақырымына асфальт төселген болатын. Жергілікті халық енді тақтайдай тегіс жолмен жүретіндеріне дән риза.
Сонымен қатар, Өтеген ауылында жаңа әлеуметтік нысан пайда болғанын да айта кеткен жөн. Мұнда жуырда жасанды төсемі бар шағын футболға арналған алаң салынды. Жаңа алаң жастардың бос уақытын өткізетін сүйікті орнына айналып үлгерген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.