№235 учаскеде ауыл қариялары алғашқы болып дауыс берді

0

Қордай ауылы, Красный партизан шағын ауданында орналасқан №235 референдум учаскесі белгіленген уақыт – сағат 7.00-де ашылып, ҚР Әнұраны шырқалған соң алғашқы дауыс берушілер легі өз таңдауларын жасады.
Айта кетейік, учаскесі барлық стандарттарға сай жабдықталған, дауыс берушілер үшін жағдай жасалып, референдум комиссиясының мүшелері әр азаматты қарсы алып, сұрақтарына жауап беруде.
Солардың қатарында ауыл қариясы, 80 жастағы Онархан Саудабаев ел өміріндегі маңызды оқиға – референдумға келіп өз таңдауын жасауды жөн көргенін айтты. «Балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім, өткені Қазастанның болашағы осындай шешуші таңдаудан бастау алады», дейді Онархан Бұлтанбайұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.