20–25 тамыз күндері Тараз қаласында тоғызқұмалақтан ұлдар мен қыздар арасында Жамбыл облысының командалық чемпионаты өтті.
Сайысқа Қордай ауданындағы №19 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 4 тәрбиеленушісі қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
♟️ «Классика» бойынша:
🥇 Ендірбай Нұржігіт — 9 жасқа дейінгі ұлдар арасында I орын;
🥇 Махсетбай Ернар — 11 жасқа дейінгі ұлдар арасында I орын;
🥈 Көптілеу Нұртас — 15 жасқа дейінгі ұлдар арасында II орын.
Командалық есепте Қордай ауданы II орын иеленді.
⚡️ «Блиц» бойынша:
🥇 Ендірбай Нұржігіт — I орын;
🥈 Махсетбай Ернар — II орын;
🥉 Ендірбай Санжар — III орын;
🥇 Көптілеу Нұртас — I орын.
Ал жалпы командалық есепте Қордай ауданының құрамасы I орын алып, облыс чемпионы атанды! 🏆
Жас спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтаймыз!