«ТаразКожОбувь» кәсіпорнының жұмысымен таныстық.
Кәсіпорында неміс DESMA жабдықтары мен роботтандырылған желілер жұмыс істейді. Заманауи технология мен білікті мамандардың еңбегінің арқасында мұнда арнайы және күнделікті аяқ киімнің түрлері шығарылады.
✅ Заманауи өндіріс желілері
✅ Роботтандырылған технологиялар
✅ Өңір тұрғындарына жұмыс орындары
✅ Сапалы отандық өнім
Өндіріске жаңа технологияларды енгізу — өңір экономикасын дамытудың маңызды бағыттарының бірі.
Жамбылда жасалған — сапалы әрі сенімді! 🇰🇿