🐅 Қазақстанда тарихи оқиға: екінші жолбарыс – Амур жабайы табиғатқа жіберілді!

0

70 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның жабайы табиғатында кездеспеген жолбарыстар тарихи мекеніне қайта оралуда!

📍 31 қазанда «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында Амур есімді аталық жолбарыс еркіндікке жіберілді. Бұл – елімізде жолбарыстарды қайта жерсіндіру бағдарламасы аясында табиғатқа шығарылған екінші жолбарыс. Бұған дейін 31 шілдеде Үміт есімді аналық жолбарыс жіберілген болатын.

Амур табиғатқа шығар алдында ветеринариялық тексерулер мен арнайы сынақтардан өтті. Енді оның қозғалысы мен жаңа ортаға бейімделуі спутниктік қарғыбау арқылы бақыланады.

Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев және «Амур жолбарысы» орталығының бас директоры Сергей Арамилев және «Freedom Шапағат» корпоративтік қорының басқарушы директоры Руслан Джумашев қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.